"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
АӘК

View the embedded image gallery online at:
http://ozsp-shahtinsk.gov.kz/a-k.html#sigFreeId85751718df

 

 

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу туралы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының күшіне енуі 2017 жылдың 1 қаңтарынан заңмен қарастырылған, жаңа тәселдемен «Өрлеу» жобасын пилоттауды жалғастыруды талап етеді.


Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек азқамтылған отбасыларға ұсынылатын және екі түрге бөлінетін болады: шартты және шартсыз ақшалай көмек.


Шартсыз ақшалай көмек
құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға, мысалы бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге немесе зейнеткерлерге, немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына еңбекке қабілетті мүшелердің объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасыларға, мысалы мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғызбасты аналарға ұсынылады. Бұндай отбасылар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу талап етілмейді. Ақшалай көмектің осы түрі ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Көмек алуға құқығы тоқсан сайын расталады.


Шартты ақшалай көмек
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және әлеуметтік келісімшарт жасасу немесе қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз отбасылардың міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.


Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:

1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге;

2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;

3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;

4) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.


Жаңа форматтағы АӘК тағайындау үшін азаматтарға Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент әкіміне жүгіну қажет.


Өтініш беруші жүгінген күні АӘК тағайындау шарттары туралы кеңес жүргізіледі; Жұмыспен қамту орталығының кеңесшісімен, кент әкімі аппаратындағы ассистентпен. Келіскен кезде отбасы құжаттарымен бірге әңгімелесуге шақырылады. Әңгімелесу кезінде шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу негіздері анықталады, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына мұқтаждығы, әлеуметтік бейімделу шаралары анықталады, кеңес парағы ресімделеді және қоса берілген қажетті құжаттармен өтініш толтырылады.


Әкім немесе Жұмыспен қамту орталығы құжаттарды алған күннен бастап істің қағазды макетін жасайды және өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру мен қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға жібереді. Өткізілген тексеру нәтижесі бойынша учаскелік комиссия оған комиссия мүшелерімен қол қоятын отбасының материалдық жағдайын тексеру актісін жасайды.


Учаскелік комиссиядан құжаттарды алғаннан кейін Жұмыспен қамту орталығымен отбасының әр мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек мөлшері анықталады. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару үшін Жұмыспен қамту орталығы тағайындау туралы шешім жобасын уәкілетті органға (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жолдайды.


Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау шартты ақшалай көмек үшін әлеуметтік келісімшарттың әрекет мерзіміне оны алуға жүгінген айдан бастап және шартсыз ақшалай көмек алу үшін ағымдағы тоқсанға дейінгі мерзімде жүзеге асады. Жүгіну айы болып берілген құжаттармен өтініш беру айы болып табылады.

 

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ