"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
Жеке жұмыспен қамту агенттігін ұйымдастыру туралы Жадынама

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығымен бекітілген Жұмыспен қамту саласындағы аутсорсингті ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi (бұдан әрі – жекеше агенттік) – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға мынадай қызметтер үшін еңбек делдалдығын белгілеу:

  1. Тіркелген жұмыссыздарға қатысты еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету.
  2. Әлеуметтік-кәсіптік бағдарлауды жүргізу.
  3. Жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер заңды тұлға болып табылатын жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне біліктілік талаптары

Заңды тұлғалар үшін (ЖШС, АҚ, ҚБ)

1) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруда кемінде бір жыл тәжірибесінің болуы;

2) әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі бар білікті басшылардан, мамандардан тұратын штаттық қызметшілерінің және басшылар үшін халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 2 (екі) жыл және мамандар үшін халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) штаттық қызметкерлерді жұмыс орындарымен жарақтандыру, офис үстелдерін, интернетке қосылған, бағдарламалық қамтылымы бар компьютер не ноутбукті, қызмет көрсету үшін қажет принтерді, көшіру аппаратын және сканерді қамтитын халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы;

4) төлем жасау қабiлеттілігінің болуы және салық берешегінің болмауы;

5) әкімшілік ғимаратта, офиста орналасқан және жұмыссызды қабылдау үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ететін меншік (шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы тұрғын жайдың болуы;

6) заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуінің болуы;

7) таратылу немесе банкроттық рәсімдеріне жатпауға тиіс.

Жеке кәсіпкерлер үшін:

Жалпы талаптар:

  1. Жұмыспен қамту қызметіндегі аутсорсинг туралы хабарландыру Еңбек биржасы порталында (Enbek.kz) жарияланады, сондықтан жұмысқа орналастыру қызметтерін аутсорсингке жіберуге үміткерлер Еңбек биржасында жеке кабинет ашып, электрондық цифрлық қол қою.
  2. Қызметтерді аутсорсингке алу туралы келісім мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қамтамасыз етіледі, сондықтан мемлекеттік сатып алу порталында жеткізуші ретінде тіркелу қажет.

3.Жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерінен тысқары шығатын «Тіркелген жұмыссыздар үшін еңбек делдалдығы қызметтерін ұсыну» қызметтеріне болжалды тарифтер:

Облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың еңбек делдалдығы.

1 санаты

2 санаты

30 000 теңге

37 500 теңге