"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
2018 жылдың ішінде Шахтинск аймағында әлеуметтік әріптестік  пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша ақпарат  

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жұмыс тобының отырысы үнемі әлеуметтік серіктестіктің үш тарапының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

 

Есептік кезең ішінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Шахтинск қалалық үшжақты комиссияның 4 отырысы және жұмыс тобының 4 отырысы өткізілді.

 

Отырыстарда Шахтинск аймағының кәсіподақтар ұйымдарының және жұмыскерлерінің өкілдерімен, Шахтинск аймағының жұмыс берушілерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен мына сұрақтар қарастырылды:

 

- Еңбек дауы мен шиеленістерін шешу туралы: олардың алдын алу және реттеу жолдары. Мекеме мен кәсіпорын жұмыскерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыр; 

 

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыс беруші жұмыскерге келтірілген зиянды толық және уақытылы жүзеге асыру, кәсіпорындарда қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын құрумен еңбек заңнамасын сақтаудың қоғамдық бақылауын жүзеге асыру;

 

- Көп жұмыс орындарының қысқартылуына жол берген жұмыс берушілер туралы;

 

- 90% және одан да көп міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды аудару көлемдерінің төмендеуіне жол берген жұмыс берушілер  туралы; 

 

- 2018-2020 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы Келісімді талқылау;

 

- 2018-2020 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау;

 

- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы;

 

- Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды шешуге әлеуметтік серіктестік тараптарының қатысуы туралы;

 

- Шахтинск қаласының ұйымдарында еңбекақыны уақытылы төлеу жағдайы туралы;

 

- «Еңбек шартын жасаңыздар» акциясының өткізілу барысы туралы;

 

- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру туралы;

 

- Қаланың кәсіпорындарында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестердің қызметі туралы;

 

- Өндірістік жарақаттанудан болатын өлім-жітімді азайтуға және кәсіптік аурулардың туындауын болдырмауға бағытталған еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды іске асыру туралы;

 

- Шахтинск қаласының әкімдігі және ЖШС (АҚ, ЖК) директоры арасында кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын көтеру және жұмыскерлер санының төмендеуін болдырмау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумдар жасау;

 

- Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақтардың (жұмыскерлердің) бірлестіктері және қаланың жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің бірлестіктері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған қалалық келісімге толықтырулар енгізу туралы.

 

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қалалық Үшжақты комиссияның рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.

 

Еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, ұжымдық еңбек дауларын шешуді реттеу бойынша орын алған практика кезінде жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуде шаралар қолданылады. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобы мүшелерінің санынан құрылған ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу сұрақтары бойынша Кеңес әрекет етеді. Есептік кезең ішінде ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу сұрақтары бойынша Кеңеске жеке және ұжымдық еңбек даулары бойынша өтініштер түскен жоқ.

 

2018-2020 жылдарға арналған жұмыс берушілер мен кәсіпкерлермен, кәсіподақ өкілдерімен, Шахтинск қаласы Әкімі арасындағы келісімді іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі ұжымдық қарым-қатынас шарттары болып табылады. 

 

Қала ұйымдарында қабылданатын ұжымдық шарттар жұмыскерлердің заңды мүдделерін және әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықты қорғауға, жұмыс берушінің (ұйымның) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған тараптардың өзара жауапкершілігін жоғарлатуға бағытталған.

 

Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ҚҮК жұмыс органы бола отырып, жұмыс берушілерге ақпараттық-құқықтық көмек көрестеді. Заңнаманың негізгі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпаратты мәліметке жеткізеді. Әр жүгінген жұмыс берушіге іжымдық шарт жобасын құруға (ұжымдық шарт макетін ұсыну) кеңестік және практикалық көмек, сондай-ақ әдістемелік ұсыныстар көрсетіледі.

 

Әрбір мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның өкілдерімен келісімдер мәтініне толықтырулар енгізу, ережелерді нақтылау және одан әрі Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұжымдық шарттарды одан әрі тіркеуге дайындық бойынша жұмыстары жүргізілді.

 

Қайта тіркелген кәсіпорын басшыларының атына ұжымдық шарт жасау және ұжымдық келіссөз өткізу бойынша ұсыныстармен хат (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің көшірмесімен қосымша) жолданады, жеке әңгімелесулер жүргізіледі. Қайта тіркелген кәсіпорын басшыларымен ұжымдық шарт жасаудың және шарт жасау туралы жұмыскерлердің ұсыныстардан бас тартқаны үшін жауапкершілік туралы жеке әңгімелесулар өткізіледі.

 

01.01.2019 жыл жағдайы бойынша есептік деректер бойынша 144 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалды, оның ішінде ірі - 3 (100%), орта - 12 (100%),  шағын кәсіпорындарда - 129 (78,2%). Шахтинск аймағының кәсіпорындары мен ұйымдарында жасалған барлық ұжымдық шарттарына аналық пен балалық шақты қолдау үшін жағдай жасайтын ережелер қосылған, емізетін аналарға жәрдемақылар көрсетілген.

 

Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын жыл сайын өткізу белгіленді.

 

«Парыз» конкурсына қатысу бойынша түсіндірме жұмыстары мақсатында қаланың кәсіпкерлерімен 17 кездесу өтті. 08.06.2018 жылғы №23 «Шахтинский вестник» газетінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» конкурсы жөніндегі мақала жарияланды, сонымен қатар Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет ресурсында ақпарат жарияланды. Екі тілде ақпараттық буклет әзірленді және Шахтинск өңірінің шағын және орта бизнес кәсіпорындары бойынша таратылды.

 

Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Парыз» конкурсына қатысуға «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша: «ТемирЛайн» ЖШС, «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілік кәсіпорын» номинациясы бойынша Жеке кәсіпкер И.В. Бекчанова өтінім ұсынды.

 

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы идеясынының алға басуы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен алдыңғы жылдан бастап еңбек әулеті мен өнідіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» Республикалық конкурсы құрылды. Оның мақсаты – ел экономикасының дамуына еңбекті елеулі үлес қосқан отандастардың жетістіктеріне қазақстандықтардың мақтанышын тәрбиелеу.

 

«Еңбек Жолы» байқауын өткізу туралы ақпарат Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды. «Шахтинский вестник» жергілікті газетінде «Еңбек-Жолы» Республикалық конкурсы» мақаласы жарияланды (2018 жылдың 22 маусымындағы №25).

 

«Еңбек Жолы» байқауына қатысу туралы Шахтинск қаласының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілеріне хат-жолдаулар жолданды. «Еңбек Жолы» байқауына Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Шахтинск қаласындағы филиалына жеке кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру бойынша хат жолданды.

 

Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін «Шахтинск қ. емханасы» КМК «Өндірістің жас қызметкері» номинациясы бойынша өтінім ұсынылды. Өтінім онлайн дауысқа көшу үшін қала әкімінің интернет порталына орналастырылды және қарастыруға облыстық комиссияға жолданды. 

 

Қарағанды облысы әкімінің Шахтинск аймағында жұмыскерлерге еңбекақыны жоғарлату бөлігіндегі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау барысында Шахтинск аймағының кіші және орта бизнес кәсіпорындары басшыларымен және жеке кәсіпкерлермен Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру тұрғысынан еңбекақыны жоғарлату сұрағы және Меморандумдар жасау бойынша түсіндіру әңгімелері өткізілді.

 

Өткізілген жұмыс нәтижесінде 868 (100%) меморандум жасалды. Соның ішінде:

- ірі кәсіпорындармен – 1 (100 %);

- орташа кәсіпорындармен – 2 (100 %);

- кіші кәсіпорындармен – 80 (100%);

- жеке кәсіпкерлермен – 767 (100%);

- шаруа қожалықтарымен – 18 (100%).

 

Шахтинск қаласының әкімі,  кәсіподақтардың (жұмыскерлердің) бірлестіктері және қаланың жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің бірлестіктері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тараптардың орындау мақсатында Қалалық келісімнің көшірмесі барлық орындаушыларға жолданған.

 

Әр жартыжылдықтың соңында Қалалық келісмді орындаушылардың мекенжайына Қалалық келісмді іске асыру жоспарын орындау жөніндегі ақпараттар Қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобына ұсыну туралы хаттар жолданады.

 

Ұсынылған ақпараттардың негізінде әр жартыжылдық сайын Облыстық үшжақты комиссияның жұмыс тобына Қалалық келісімнің міндеттемелерін орындау фактісі бойынша жиынтық ақпарат жіберіледі.

 

Комиссия қызметін және Келісімді іске асыру барысын жариялау мақсатында Шахтинск қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша ақпарат тоқсан сайын Шахтинск қаласы әкімдігінің ақпараттық интернет порталында және «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында жарияланады.

 

Есептік кезең ішінде «Шахтинский вестник» жергілікті газетінде «Оң баға берілді», «Сенім байқауы», «Парыз 2018», «Еңбек Жолы» республикалық байқауы, «2018-2020 жылдарға арналған Шахтинск қаласының әкімі, кәсіподақ бірлестіктерімен (жұмыскерлерімен), кәсіпкерлер қауымдастығы және қала жұмыс берушілері арасындағы келісім», «Еңбек шартын жасаңыздар» республикалық акциясы мақалалары жарияланды.

 

 

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ