"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
«Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясы жалғасуда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы жалғасып жатыр.

Акцияның мақсаты бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру.

Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек шарты жазбаша нысанда (ауызша емес) кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.

Рәсімделмей жұмыс істеуге келісе отырып, сіз өз еркіңізден өз құқықтарыңыздан және әлеуметтік кепілдіктеріңізден бас тартасыз. Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер үшін қажетті барлық нәрсе Сізді жағалай өтіп және жұмыс берушінің қалауы бойынша қалады.

Заңсыз жұмыспен қамтылу мәселесін шешу, сондай-ақ қызметкерлерге «конвертте» жалақы төлеу, жұмыскерлердің қатысуынсыз дерлік мүмкін емес.

Еңбек шартын жасасу арқылы қызметкерлер құқылы болады:

- міндетті әлеуметтік сақтандыруға;

- міндетті әлеуметтік аударымдарға;

- зейнетақы жарналарына.

Қызметкердің әлеуметтік пакеті – Еңбек кодексінде жазылғандардан тыс шығып, жұмыс берушінің өз қалауы бойынша қызметкерлердің қосымша ынтасы ретінде қосымша әлеуметтік кепілдіктер болып табылады.

Адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау жұмыс берушіге де ауқымды әсерін тигізеді. Жұмыс берушілерге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде айыппұл санкциясы қарастырылған.

Шахтинск аймағындағы меншік нысанның барлық жұмыс берушілерін және еңбек халкын «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясына белсенді түрде қатысуға және еңбек қатынастарын формализациялауға шақырамыз. 

Барлық сұрақтар бойынша «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Калинина көш. 17, № 18 каб. мекенжайы бойынша хабарласыңыз, т. 3-59-47.