"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
«2019 жылғы 16 тамыздан 2 қыркүйекке дейін мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру»

Азаматтық қызметкерлер лауазымының бос орнына конкурс жариялау туралы хабарландыру

 

    

 «Шахтинск қ. жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі 17, анықтама үшін телефондар: 3-59-39, 3-59-12) азаматтық қызметкерлер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

 

Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі– 1 бірлік

 

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, экономикалық, заң) білім және ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Конкурсқа қатысушылырға қойылтын талаптар:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын;  Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті; Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті; Еңбек кодексін; Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды; Баланың құқықтары туралы заңды; Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңды; Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды; Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;  Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;

 

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман- негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс кезеңіне -1 бірлік.

 

Білімі: санаты жоқ біліктілігі жоғары дәрежелі маман:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 

Санаты жоқ біліктілігі орташа дәрежелі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 

Конкурсқа қатысушылырға қойылтын талаптар:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті; Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды; Тіл туралы заңды; Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды; Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды; Баланың құқықтары туралы заңды; Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңды;  Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңды;"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын;   Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды; Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңды; Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;

 

Шахтинск қаласына  жалғыз басты қарт азаматтырды және мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік жұмыскер – 4 бірлік, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс кезеңіне Шахтинск қаласына – 1 бірлік.

 

Долинка кентіне жалғыз басты қарт азаматтырды және мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік жұмыскер – 1 бірлік.

 

Білімі: санаты жоқ біліктілігі жоғары дәрежелі маман:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

 

Санаты жоқ біліктілігі орташа дәрежелі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификат.

 

Конкурсқа қатысушылырға қойылтын талаптар: Қазақстан Республикасында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыратын басқада нормативтік құжаттар,  мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуін ұйымдастыру бойынша негізгі принциптерді, денсаулық сақтау жүйесін, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін, үй жағдайында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды күту бойынша санитарлы-гигиеналық талаптарды, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету әрекеттерін,  еңбек туралы заңнаманың негіздерін, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша фотосуретпен жеке парақ, ұсынылған талаптарға біліктілік талаптарының сәйкес келетін білімі туралы құжаттарының көшірмесі, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама) аталған хабарландыру соңғы жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет.

 

Конкурстық комиссияның қарауына азаматтардан қолма-қол берілген, ұсынылған құжаттардың тізімі көрсетілген, тезтікпеге салынған құжаттар қабылданады.