"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
Онлайн сауалнама 29 тамыз 2017

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету және босатылатын жұмыскерлерді қолдау бойынша шараларды әзірлеу мақсатында кадрларға қажеттілікті анықтауға, сондай-ақ қызметкерлердің ықтимал босатылу масштабын бағалауға бағытталған сауалнама жүргізуде.         

Осыған байланысты Шахтинск аумағының жұмыс берушілерді онлайн сауалнамаға белсенді қатысуыңызды сұраймыз.

Сауалнама ағымдағы жылдың 15 қыркүйек мерзіміне дейін «Электронды еңбек биржасы» сайтында https://www.enbek.kz/ru/potrebvysv мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Бүкіл сұрақтарыңызбен Сіз «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ № 18 кабинетке немесе 3-59-47 телефоны бойынша хабарласа аласыз.