"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
Азаматтық қызметкерлер лауазымының бос орнына конкурс жариялау туралы хабарландыру

 

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі 17, анықтама үшін телефондар: 4-90-04, 3-59-12) азаматтық қызметкерлер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

Шахтинск қаласына  жалғыз басты қарт азаматтырды және мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік жұмыскер – 2 бірлік.

Білімі: санаты жоқ біліктілігі жоғары дәрежелі маман:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

санаты жоқ біліктілігі орташа дәрежелі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) немесе негізгі орта және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты болуы керек.

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман – 1 бірлік.

Білімі: санаты жоқ біліктілігі жоғары дәрежелі маман:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

санаты жоқ біліктілігі орташа дәрежелі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) жұмыс стажына талап қойылмайды.

Конкурсқа қатысушылырға қойылтын талаптар: Қазақстан Республикасында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыратын басқада нормативтік құжаттар,  мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуін ұйымдастыру бойынша негізгі принциптерді, денсаулық сақтау жүйесін, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін, үй жағдайында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды күту бойынша санитарлы-гигиеналық талаптарды, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету әрекеттерін,  еңбек туралы заңнаманың негіздерін, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша фотосуретпен жеке парақ, ұсынылған талаптарға біліктілік талаптарының сәйкес келетін білімі туралы құжаттарының көшірмесі, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жайы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама) аталған хабарландыру соңғы жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурстық комиссияның қарауына азаматтардан қолма-қол берілген, ұсынылған құжаттардың тізімі көрсетілген, тезтікпеге салынған құжаттар қабылданады.