"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі туралы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 26 қазанында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш рет еліміз егемендік алған тұста, яғни 1991 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін қалаған қоғам қайраткері, белгілі тілтанушы ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ә.Қайдардың мақаласынан бастау алды. Әрине латын әліпбиіне көшу мәселесі оңай шаруа емес. Өйткені тілдің заңдылықтарын ескере отырып, халыққа тиімді әліпби ұсыну және оны жүзеге асырудың жолын қарастыру үшін көптеген білім мен ізденіс қажет. Бұл – қазақ елі үшін маңызды оқиға, айтулы қадам.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын. Елбасы өз мақаласында «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына көшуге байланысты: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деген болатын.

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табыладыХалықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді . Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз жөн сияқты. «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз дұрыс. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде.