"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
0
Шахтинск өңірінің «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров»

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сапасын жақсарту мақсатымен 2017 жылдың 6 қазанынан бастап «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» партиялық жобасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үлесі бейімдеуге жататын паспортталған нысандардың жалпы санынан 61,1% құрайды. (Анықтама: Шахтинск өңірінде 54 нысан паспортталды, олардан 38-і бейімдеуге жатады, олардан 17 нысан бейімделді).

Жоспарланған әлеуметтік және көлік инфрқұрылым нысандарының тізіміне сәйкес Шахтинск өңірі бойынша 2018 жылы келесі нысандарға бейімдеу жүргізілді:

Шахтинск қ ХҚКО №1 бөлімінде сатып алынған және орнатылған: Брайль тақтайшасы, қызметкерді шақыру тетігі, жанасу тақтасы, кірер топ жер деңгейінде, сондықтан пандустың қажеттілігі жоқ.

Шахтинск қ. ХҚКО № 2 бөлімінде сатып алынған және орнатылған: Брайль тақтайшасы, қызметкерді шақыру тетігі, жанасу тақтасы, бейімделген пандус бар.

Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен қолжетімді орта құру қажеттілігі туралы түсіндіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, сондай-ақ ШОБ халықтың аз мобильді топтары үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету үшін іс-шаралар өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

 

«Шахтинск қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ